Азаматтық авиация академиясында ораза ұстаған студенттерге ауызашар ұйымдастырылды. Дастарханға 200-ден астам студент жиналды. .
Студенттер алдында ректор Бекен Сейдахметов сөз сөйледі. Қасиетті Рамазан айында күш-қуат тілеп, авиациялық отбасының осындай қарапайым кездесулерінің маңыздылығын еске салды.
Дастархан басындағы кездесу студенттер қауымдастығы арасындағы достықты нығайтып, жаңа танысқа тамаша мүмкіндік болды.