Кездесу барысында қол қойылған меморандум аясында ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Екі тарап жол картасының іс – шараларын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру бойынша әзірлеуді, халықаралық сарапшылар мен авиациялық оқу орталықтарын тарта отырып мамандар даярлауды, сондай-ақ Академияның оқу-ғылыми қызметіне Қазақстан Республикасының авиациялық әкімшілігінің қатысуын егжей-тегжейлі талқылады.
Сонымен қатар, кездесуде Академияның әуе кемелерін EASA Part FCL аудитіне тіркеу мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, екі тарап ұшқышсыз әуе кемелерінің жүйелерінің қызметтері бойынша мамандарды даярлау нарығының перспективаларын, атап айтқанда, Академияны ұшқышсыз ұшақ жүйелері операторларын оқыту бойынша нұсқаушылармен қамтамасыз етуді қарастырды.