АВИАКАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ БАҒЫТЫНДА ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР КҮТІЛУДЕ

Азаматтық авиация академиясында азаматтық авиация саласындағы кадрлық қажеттіліктерге арналған салалық кеңес және РОӘК ОӘБ: кеңейтілген отырысы: «Азаматтық авиация кадрлық қамтамасыз етуді қарқынды дамыту үлгісін қалыптастыру». Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі комитеті, Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі, авиакомпаниялардың басшылары және басқа да сала мамандары қатысты.
 

Отырыс барысында кадрларды даярлау үдерісін жетілдіру бойынша ұсыныстар мен өзекті мәселелер көтерілді. Академияның оқу бағдарламалары еңбек нарығының қажеттілігіне бейімдеу әдістері талқыланды. Бұл қадам түлектердің сұранысы мен бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Сол мақсатқа қол жеткізу үшін академия саланың қажеттілігін ескере отырып, білім беру бағдарламаларын белсенді түрде өзгертуде, сонымен қатар, елдің әуе компанияларымен байланысты нығайтуда.

Жыл сайын академия 400-600 жас маман шығарады. Бұл көрсеткіш авиациядағы кадрлардың нақты қажеттілігіне қаншалықты сәйкес келеді? Осы мәселе бұған дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің көлік саласы үшін мамандарды даярлау жөніндегі тапсырмасына сәйкес өткен Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Көлік министрліктерінің кеңесінде көтерілген болатын.

Сонымен қатар, өңірлік әуежайлармен бірлесіп, жас мамандардың еңбек жағдайлары мен ынталандыру жүйесін дамыту мәселелері қарастырылды. Өйткені өңірлерде мамандардың тапшылығы айқын. Авиация академия түлектерін жаңа дамып келе жатқан облыс орталықтарына тарту керек.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы