Отырыс барысында Отандық әуекомпания кадрлық саясатымен таныстырды. 3-4 курс студенттеріне жұмысқа орналасу кеңестерімен бөлісті.
Одан бөлек екінші ұшқыш лауазымына тұратын жасөспірімдерге қойылатын талаптар туралы айта кетті.
Коммерциялық ұшқыш лицензиясының болуы (CPL(A));
желілік ұшқыш ретінде білімін көрсету сертификатының болуы (Frozen ATPL);
көп экипаждық өзара әрекеттесу курсын (МСС) аяқтағаны туралы сертификаттың болуы;
көп қозғалтқышты әуе кемесінде аспаптық ұшуға рұқсатының болуы (MEP(IR)) ;
ИКАО шкаласы бойынша 4-деңгейдегі ағылшын тілі сертификатының болуы (ICAO English Level 4);
1-дәрежедегі медициналық анықтаманың болуы (1-дәрежедегі медициналық анықтама).