Колледж студенттерімен бірге "31- мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу" күніне орай кітапхана мәдени-танымдық іс-шара ұйымдастырды. Студенттер екі топқа бөлініп, өзара бақ сынасты. Бірінші болып жарысты "Аманат" тобы бастаса, "Алаш" тобы ойынды жалғады. Іс-шара 3 бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім "жүгіртпе сұрақтар", екінші бөлім "таңда да, ұпай жина", үшінші бөлім "кім өнерлі?" деп аталды. "Жүгіртпе сұрақтар" бөлімінде әр топқа жылдам әрі оңай жауап беруге болатын 10 сұрақтан қойылды. Ал "таңда да, ұпай жина" бөлімінде әр топқа 6 сұрақтан қойылды. Топ мүшесі экранда көрсетілген бір ұяшықты таңдап, ішіндегІ сұраққа жауап беруі тиіс болатын. Соңғы бөлім "кім өнерлі?" айналымында топ басшылары жеребе бойынша тапсырманың біреуін таңдап, таңдалған тақырып бойынша 10 минуттың ішінде дайындалып, көрініс қойды. Аталған тапсырмалар бойынша "Аманат" тобы 203 ұпай, "Алаш тобы" 138 ұпай жинап, "Аманат" тобы жеңіске жетті. Іс-шара соңында төрешілер қатысушыларға сыйлықтарын табыстап, естелікке суретке түсті.